Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы
Мылтықбаева Эльмира Байбекқызын
«Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Мылтықбаева Эльмира Байбекқызы — 2005 жылдан бастап Шардара ауданының әділет басқармасында халықты құжаттандыру бөлімінде бас маман, 2011 жылдан АХАТ саласының бас маманы, ал 2023 жылдан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Шардара аудандық Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Қызмет жолындағы адал еңбегі үшін Әділет министрі Б. Имашевтің Алғыс хатымен, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Айнұр Юсупованың Құрмет грамотасымен марапатталған.
Халықтың алғысына бөленген еңбегі ел игілігі үшін жасалған асыл қызметтің нәтижесі.
Эльмира Байбекқызын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі