Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен «Фараб» кітапханасы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық «Абай оқулары» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға облыс бойынша 136 топ қатысып, финалда 17 топ бақ сынады. Қазылар алқасында танымал ақындар мен әдебиеттанушылар болды.
Байқау кезеңдері:
• «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
• «Абайдың қара сөздері»
• «Ақын шәкірттердің шығармалары»
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Раймбекова Жадыра мен М.Қалмырза атындағы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Батырбек Иса Бас жүлдеге ие болды.
Олар 150 000 теңге сертификатымен және арнайы дипломмен марапатталды.
Шардараның абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі