Бүгін аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлының төрағалығымен көкпар ойындарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін түсіндіруге арналған жұмыс жиыны өтті.
Жиын барысында көкпар өткізер алдында ұйымдастырушылар міндетті түрде аудандық полиция бөліміне және ауыл әкімдігіне алдын ала хабарлау керектігі атап өтілді. Ойын өтіп жатқан уақытта жергілікті учаскелік полиция инспекторы тәртіп пен қауіпсіздікті толық бақылауда ұстауы тиіс екені де қаперге салынды.
Сондай-ақ көкпар алаңында тазалықты сақтау, спиртті ішімдіктердің сатылуына жол бермеу қажеттілігі көтерілді. Үлкен көкпар ойындары кезінде міндетті түрде жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметінің мамандары кезекшілікте болуы тиіс екені айтылды.
Жиынға қала және ауыл әкімдері, мекеме басшылары, аудандық аурухана, төтенше жағдайлар бөлімі, сондай-ақ аудандық көкпар федерациясының басшылығы, жаттықтырушылар қатысты.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз хатшысы