Шардара ауданында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары жалғасуда. Арнайы құрылған жұмысшы топ аудан аумағындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптары мен уланудың алдын алу ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, түсіндіру жұмыстары Шардара мектеп-лицейінде, М.Горький атындағы мектепте, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте және мәдениет сарайы, орталық ауруханада өтті.
Аралау барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ ТОФ Шардара аудандық бөлімі және "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС Шардара электр желісі мекемесінің мамандары мекемелердің электр жүйесі мен газбен жабдықталу жағдайын тексеріп, тиісті нұсқамалар берді. Қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі