ШАРДАРА: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШАРДАРА: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша аудан көлемінде тұрғын үйлер араланып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлік нысандарда назардан тыс қалмаған.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов бастаған жұмысшы топ бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау және уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, "QAZAQGAZ AIMAQ " АҚ-ның ТОФ Шардара аудандық бөлімінің, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің Шардара электр желісі мекемесінің мамандары нысандардың электр желісі мен газбен жабдықталуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті нұсқамалар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі болып табылады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау әр азаматтың міндеті!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі