Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда.
Жыл басынан бері бұл игі іске:
– аурухана, “Қазпошта”, “Қазсушар”, “Қазтелеком”, ГЭС, ПЭС, СЭС, ХҚКО, Орман шаруашылығы мекемелері,
– түрлі кәсіпорындар, ветеринариялық бөлімдер,
– әлем чемпиондары мен ерікті жастар белсене атсалысты.
Жалпы саны 40780 адам қатысқан сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары барысында:
– 42300 түп жасыл көшет отырғызылып,
– 1058 тонна қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
Бұл — ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты нәтижелердің айғағы.
Таза орта — салауатты қоғам кепілі!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі