Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында бірқатар салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер қаралды.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө. Рүстем ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Аудан әкімі баяндамада көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып, орын алған кейбір кемшіліктерді сынға алды. Басқа да мәселелер бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың мерзімді әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі