Шардара ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болып Байров Марат Дүйсенбайұлы тағайындалды.

Шардара ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болып  Байров Марат Дүйсенбайұлы  тағайындалды.
Байров Марат Дүйсенбайұлы еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастап, кейін директордың орынбасары, мектеп директоры және ауыл әкімі қызметтерін атқарған. Мемлекеттік басқару мен білім беру саласындағы тәжірибесі оның кәсіби біліктілігін айқындайды.
Жаңа қызметінде Марат Дүйсенбайұлы ауданның ақпараттық саясатын үйлестіру, ресми ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату және тұрғындармен коммуникацияны дамыту бағытында жұмыс атқарады.
Шардара ауданы әкімдігі Марат Дүйсенбайұлын жаңа қызметімен құттықтап, абыройлы еңбегіне табыс тілейді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі