Бүгін 15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков ауданның қаржы саласы мамандарын қабылдады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары қаржы саласының ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда атқаратын маңызды рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар сала қызметкерлерінің адалдығына, жауапкершілігіне және бюджет саясатын жүзеге асырудағы кәсіби еңбегіне алғыс білдірді.
Салтанатты қабылдау кезінде Бейсенбай Туребеков мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, "Шардара ауданына 60 жыл" мерекелік төсбелгісімен және аудан әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен орындау, экономикалық көрсеткіштерді талдау, қаржылық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін мамандардың еңбегіне көрсетілетін зор құрметтің белгісі.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі