ШАРДАРАДА ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШАРДАРАДА  ҚОҒАМ  БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН  КЕЗДЕСУ  ӨТТІ
Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан прокуроры Алмас Әлінің төрағалығымен қоғам белсенділерімен кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы Н.Айткулов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен мекеме басшылары, сондай-ақ жергілікті қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар ауданның әлеуметтік даму деңгейіне, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке, тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін бірқатар мәселелерге тоқталды. Қоғам өкілдері инфрақұрылым, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттарында өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Өз кезегінде тиісті бөлім және мекеме басшылары көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар беріп, кейбір сұрақтар бойынша тапсырмалар берілді. Аудан прокуроры Алмас Әлі қоғаммен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп отыру мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыратынын атап өтті.
Жиын қорытындысында аудан прокуроры осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту қажет екенін айтты.
Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді уақтылы анықтап, жергілікті деңгейде тиімді шешу, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты арттыру болып табылады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі