ШАРДАРА: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ШАРДАРА: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні болып саналады. Сондықтан да бұл мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату болып табылады.
Осы тұрғыда аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов арнайы мерекелік жиын өткізді.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев "18 қазан еліміз үшін айтулы да, маңызды мерекелердің бірі. Кез келген мемлекеттің өркендеп дамуы үшін ең бірінші Рухани тұрақтылықты сақтау маңызды. Мәдени, рухани, ұлттық, салт-дәстүрлері мен діни көзқарастарына қарамай бір-біріміздің рухани ұстанымдарымызды құрметтеуіміз керек деп білемін. Сондай-ақ, діни тұрғыдан арандатушы сыртқы күштерге дес бермей, жоғары дәрежеде парасаттылық пен ынтымақты сақтауға шақырамын"- деді.
Мерекелік шараға аудандағы түрлі дін өкілдері қатысып, мемлекетіміздің рухани тұрғыдан бейбіт екендігін дәріптеп, ынтымақ пен бірлік жөнінде сөз өрбітті.
Жиын соңында Б.Шомпиев аудандағы дін өкілдерін айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың рухани тұрғыдан дамып, ынтымақ пен бірлігін сақтауға үлес қосып жүрген дін өкілдерін арнайы аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.