Жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Шардара қаласы көлемінде 11 «Мерген» аппараттық бағдарламалық кешен (камералар) іске қосылғандығын хабарлаймыз. Құрылғылардың басым бөлігі көлік ағыны көп негізгі көшелермен, қалаға кіреберіс және шығаберіс аумақтарға орнатылды. Жаңа жүйедегі бейнекамералар бір мезетте бірнеше жолақтағы қозғалысты қадағалап, жол ережелерін бұзуды анықтайды. Осыған байланысты көлік жүргізушілерінен мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін, жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.