Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын барысында ауданның инфрақұрылым, күзгі ағаш көшеттерін отырғызу және құрылыс салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асанбай Махашов құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар Шардара қаласының әкімі Олжас Айдосов қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен күзгі ағаш көшеттерін отырғызу жоспары туралы баяндама жасады.
Аудан әкімі баяндамаларда көтерілген мәселелерге жіті тоқталып, орын алған кейбір кемшіліктерді сынға алды. Сондай-ақ тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың мерзімді әрі сапалы орындалуы талап етілді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі