ШАРДАРА: КҮЗГІ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ

ШАРДАРА: КҮЗГІ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында және аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында аудан көлемінде ауқымды күзгі сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан тұрғындары, жастар, еріктілер және барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысып, қала мен ауыл ішіндегі көшелер, аяқжолдар, суағарлар, ирригациялық жүйелер қоқыстардан тазартылды.
Жиналған тұрмыстық және табиғи қалдықтар арнайы техникалармен полигонға жеткізіліп, көше келбеті айтарлықтай жақсарды. Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, аудан тұрғындарын тазалыққа, ұқыптылыққа баулуды мақсат етті.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі