ШАРДАРА: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШАРДАРА: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс сапарымен Шардара ауданына келіп, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
 
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары дихандармен және ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу жиынын өткізді. Аталған жиында облыс әкімінің орынбасары саладағы түйткілді жайттарды тыңдап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыру қажеттігін атап өтті. Аудан дихандары мен шаруалар тарапынан сұрақтар қойылып, әр мәселе бойынша тиісті сала мамандары толыққанды жауап берді.
 
Ауданның аграрлық әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ирригациялық жүйелерді тиімді пайдалану, су арналары мен каналдарды тазарту жұмыстарын жүйелі жүргізу, шаруа қожалықтарының өтініштерін уақтылы қарау, сондай-ақ мақта мен күріш өсіру бағытында агротехникалық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуды жүктеді.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі