АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу кезегі, жұмысқа орналасу, ауыз су, әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Аудан басшысы әрбір мәселе жіті назарда болатынын айтып, көтерілген сұрақтардың шешілуі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі