Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада құрлықтың түкпір-түкпірінен келген мықтылар боз кілемде бақ сынап, өз салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады.
Биылғы біріншілікке Азияның 13 елі — Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан барлығы 150-ге жуық балуан қатысып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйлады.Жарыс нәтижесінде жерлесіміз +100 келіде Қайсар Шамшидинов алтыннан алқа тағынды.