25 қазан – Республика күні қарсаңында Көксу ауылдық округіне қарасты Баспанды елді мекенінде таза ауыз су қондырғысы пайдалануға берілді.
Жоба «Азиялық Газ құбыры» ЖШС демеушілігімен және құрылысы «Рахым-Сауап» қоғамдық бірлестігі арқылы жүзеге асырылды.
Жаңа су қондырғысының қуаттылығы сағатына 500 литрді құрайды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Көксу ауылдық округінің әкімі Бақтыбай Қошқарбаев, «Шымкент» газ тасымалдау басқармасының директоры Асхат Бадырақов, Баспанды елді мекенінің биі Бердіқұл Сарбасов, «Рахым-Сауап» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зәуре Ешбаева, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары елді мекенге таза ауыз су жеткізу ісіне ұйытқы болған аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі