ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!
Баршаңызды 25 қазан — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн — халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысының жарқын көрінісі, тарихымыздың тағылымды беті.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация — Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына бастау болған маңызды құжат.
Бұл — халқымыздың өз тағдырын өзі шешуге жасаған батыл әрі тарихи қадамы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, ел тарихындағы орны мен маңызы қайта айқындалды.
Республика күні – еліміздің егемендігін, бірлігін және болашағына деген сенімін білдіретін мереке.
Бүгін біз өткенге тағзым ете отырып, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін мақтан етеміз. Бұл – баршамыздың ортақ еңбегіміздің жемісі.
Ендігі мақсат – осы жетістіктерді еселеп, өркениетті, әділетті, қуатты Қазақстанды бірге құру.
Осы айтулы мереке әрқайсымыздың жүрегімізге қуаныш пен үміт сыйлап, жаңа серпін берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
Ізгі тілекпен,
Шардара ауданының әкімі
Арман Қарсыбаев