ШАРДАРА:ДИҚАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШАРДАРА:ДИҚАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аудан әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов, "Қазсушар" РМК Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы Ермек Смайлұлы және мақта қабылдау пункттерінің басшылары бірігіп, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Сүткент, Ақшеңгелді, Көксу, Қоссейіт және Достық ауылдық округтерінің диқандармен кездесті.
Кездесу барысында мақта дақылының көлемі мен бағасына байланысты мәселелер талқыланды. Жиында аудандағы мақта қабылдау зауыттарының басшылары да қатысып, диқандармен мақта өнімін қыбылдау барысында туындайтын проблемаларға тоқталды. Шаруалардың айтуынша биылғы жылы өңірімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты мақта дақылын егу кешеуілдеген. Оған қоса, күз мезгілінің ерте түсіп, ауа райы салқындағаны тағы бар. Осындай түйткілді проблемаларды ескере келе биылғы өнімнің аз болатындығын алға тартты.
Бұл тұрғыда: "Құрметті ауданымыздың шаруалары мен диқандары, биылғы жыл пандемиядан бастау алғаннан бастап әлем бойынша дағдарыс кезеңі орын алды. Сондықтан да, біздің ел де экономикалық тұрғыдан бірқатап қиындықтарға ұшырауда.Мақта өніміне сұранысы жоғары Еуропа елдері пандемияның кесірінен өнімге деген қажеттілігі төмен болып отыр. Сол үшін де, мақтаның нарықтағы бағасы тұрақталмай тұр. Яғни, сұранысқа қарай баға артады және кемиді. Ал, біз бүкіл диқанның алажаздай жасаған еңбегенің еш кеткенін қаламаймыз. Біз мақта зауытының директорларымен сөйлесіп, барынша шаруаларға жеңілдік жасауын сұраудамыз"-деді А.Тәженов.
Кездесу барысында зауыт басшылары қолдан келген шараны көруге келісіп, " инвесторларымызбен сөйлесіп мәселені шешуге тырысамыз. Сондай-ақ, мақта бағасы төмендеу болып жатса, біз шаруаларға түрлі жеңілдіктерді қарастырып, жағдайға қарай диқандарға қаржыдан субсидия ретінде 5 теңгеден үстемақы төлеу жолын қарастырамыз"- деді "Шардара мақта" зауытының директорлары М.Тәжібаев
Сонымен қатар, "Қазсушар" РМК Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы Е.Смайлұлы диқандарға биылғы егістікке толық су берілгендігін айтып, дебиторлық ақыны, яғни егістік пайдаланған ағын судың төлемін уақытылы қайтаруды сұрады. Сондай-ақ, көктемгі егістікке керекті ағын су көлемін бекітіп, сол бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.