Мемлекеттік қолдау шараларына қатысу үшін деректеріңіздің өзекті болуы өте маңызды. Осыған байланысты сіз дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоюыңыз қажет.
Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру – бұл алғашқы әрі міндетті қадам. Осы арқылы банк сіздің деректеріңізді дұрыс қабылдап, оларды тұрғын үйді бөлу кезінде ескере алады.
Маңыздысы – банк сіздің дербес деректеріңізді тікелей сұрамайды. Келісімді рәсімдеу тек электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Бұл сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етеді.
Одан кейін түгендеу жүргізіледі – кезектегілер мен тұрғын үй нысандары бойынша мәліметтер тексеріліп, нақтыланады. Бұл қателерді болдырмауға, шынайы жағдайды көрсетуге және бөлу процесін барынша ашық әрі әділ етуге көмектеседі.
Бұл сіз үшін нені білдіреді:
∙ деректеріңіз әрқашан өзекті болады;
∙ тұрғын үй әділ бөлінеді;
∙ бағдарламалар жылдам әрі тиімді жұмыс істейді.
Келісім мен түгендеу – бұл тәртіпке, ашықтыққа және сіздің болашақ үйіңізге бастар жол.