Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілген болатын. Осы бағыттағы тапсырмалар аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен елімізде азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық қаржылық диктант өткізілуде.
Аталған бастама аясында Шардара ауданында кеңейтілген семинар өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, дербес бөлім басшылары, білім беру ұйымдарының өкілдері мен жауапты сала мамандары қатысты.
Семинар барысында «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет қаржылық диктанттың маңыздылығына тоқталып, бұл бастаманың қоғамдағы құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне кеңінен тоқталды.
Айта кетсек, диктант 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында https://amlacademy.kz/finiq онлайн платформасында өтеді. Қатысу үшін сайтқа тіркеліп, 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру қажет. 16 және одан көп дұрыс жауап берген қатысушылар жеңімпаз ретінде цифрлық дипломға, қалған қатысушылар сертификатқа ие болады. Сонымен қатар, алғашқы тіркелген және жоғары нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталатыны хабарланды.
Диктант әр түрлі санаттағы қатысушыларға арналып дайындалған сұрақтар негізінде онлайн-тестілеу форматында өткізіледі.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі