«АҚЫЛДЫММЕН АҚЫЛДЫМЫН» БАЙҚАУЫ ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«АҚЫЛДЫММЕН АҚЫЛДЫМЫН» БАЙҚАУЫ ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және «Қызмет» ЖШС газетінің директоры, балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының редакторы, журналист Бейсенкүл Нарымбетованың бастамасымен Шардара аудандық мәдениет үйінде «Ақылдыммен ақылдымын» аудандық байқауы өтті.
 
Байқаудың басты мақсаты — жас оқырмандарды кітап оқуға, балалар баспасөзімен етене танысуға баулу, олардың тіл байлығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
 
Іс-шараның ашылу салтанатында Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шомпиев және республикалық «Қызмет» ЖШС газетінің журналисі Әлия Әуесбекова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Оқырмандар өзара үш кезең бойынша сынға түсті:
• «Мен қандай адам боламын?» тақырыбында шығарма жазды;
• «Баспасөзбен бірге өсіп келемін» айдарында қабырға газетін әзірледі;
• «Мен оқығанды жақсы көремін» айдарында сүйікті шығармалары мен өлеңдерін сахналап, өнерлерін көрсетті.
 
Қазылар алқасы құрамында «Қызмет» ЖШС газетінің журналисті Әлия Әуесбекова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімінің кітапханашысы Балнұр Жетпісбай және Шардара аудандық мәдениет сарайының жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сәкен Бегманов болды.
 
Байқау жеңімпаздары:
• Бас жүлде – Махкамбай Назерке Жәнібекқызы (Шардара аудандық балалар кітапханасы), облыстық кезеңге жолдама иеленді.
• I орын – Кенжебек Жанар Көпжанқызы (Қызылқұм ауылдық кітапханасы)
• II орын – Данышхан Мағжан Бекжанұлы (балалар кітапханасы)
• III орын – Оразәлі Сүндет Серғазыұлы (балалар кітапханасы)
 
Барлық қатысушылар белсенділігі мен өнері үшін алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі