ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара ауданы тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
 
Тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу кезегі, ойын алаңшаларын салу, ауыз су, жолға асфальт төсеу, жол жиегіне бетон кедергілер орнату, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залын ашу және ауданда Бочча спорт түрін енгізу, әлеуметтік қолдау көрсету сынды маңызды мәселелерді көтерді.
 
Аудан басшысы әрбір мәселе жіті назарда болатынын айтып, көтерілген сұрақтардың шешілуі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі