Шардара қаласы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар.

Шардара қаласы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар.
Көгалдандыру жұмыстары туралы
Шардара қаласы бойынша 2020 жылдың көктемгi маусымында 15 000 түп роза гүл және Жастар көшесiне 1500 түп шырша отырғызылды. Көшелерге, жасыл аймаққа қоршалған қоршауларға 900 түп әртүрлi ағаштар егiлдi.
Ауызсу бойынша
Шардара қаласында орталықтандырылған құбыр жүйесi жұмыс iстейдi. Қала тұрғындары құбыр суымен 94 пайызға қамтылып, ауызсу 24 сағат бойына берiледi. Шардара қаласының бас су беру торабы 1983 жылы салынған. Су құбырының жалпы ұзындығы 116 шақырым, оның iшiнде водовод 3,7 шақырым. Қалалық бас су торабының қуаты 12 000 м3/тәулiк. Қала тұрғындары жазғы мезгiлде 8000 м3/тәулiк, қысқы мезгiлде 5000 м3/тәулiк ауызсу тұтынады.
Құрылыс саласы бойынша
Шардара қаласы, Астана көшесiнде орналасқан 4 қабатты үйдiң құрылыс нысаны 2018 жылдан өтпелi болып, 2020 жылдың қазан айында тапсыру жоспарлануда.
Шардара қаласы Әль-Фараби көшесiнде орналасқан 4 қабатты үйдiң құрылыс нысаны 2018 жылдан өтпелi болып, 2020 жылы пайдалануға тапсырылды.
Шардара қаласы А.Иманов атындағы 300 орындық орта мектептiң құрылыс нысанын қараша айында тапсыру жоспарлануда.
Жарықтандыру жұмыстары
Шардара қаласының көшелерiн жарықтандыру бойынша 2020 жылға аудандық бюджеттен қаржы бөлiнiп, қалада орналасқан 15 (Сатбаев, Қолдасов, Абай, Аймұратов, Тұрысбеков, Түгелбаев, Молдағұлов, Анарқұлов, Аймуратов, Жастар, Мүлкiл ата, Рысқұлов, Иманов, Мамытов, Уәлиханов көшелерi) көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргiзiлiп, аяқталу сатысында.
Шардара қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстары
2019 жылы Шардара қаласын және қаламен iргелес елдi мекендердi табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн №18 «Шардара» газ тарату станциясы пайдалануға берiлген.
Шардара қаласын газдандыру 4 кезеңге бөлiнiп, кезең- кезеңiмен жүргiзу жоспарланған.
Орта жөндеу, тас төсеу жұмыстары бойынша
Шардара қаласы көшелерiн орта жөндеу жұмыстары
Шардара қаласы әкiмi аппараты арқылы 3,6 шақырым болатын 9 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Атап айтар болсақ: Қызылжар – 234 метр, енi – 5 метр, Оңдасынов тұйығы – 487 метр, енi – 5 метр, Мүлкi ата - 1 – 285 метр, енi – 5 метр, Мүлкi ата - 2 – 371 метр, енi – 5 метр, Әжiмсеңгiр – 320 метр енi – 5 метр, Бұлқышев – 267 метр, енi – 5 метр, Мүсiрепов – 1200 метр, енi – 5 метр, Желтоқсан тұйығы – 190 метр, енi – 5 метр, Қозы Көрпеш-Баян сұлу – 236 метр, енi – 5 метр. Бүгiнгi таңда жоғарыда аталған көшелердiң 9-на орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сапалы жүргiзiлуiн техникалық қадағалаушы – “Ақниет-НҰР Құрылыс” ЖШС-гi жүргiздi.
Әлеуметтiк сала бойынша
Шардара қаласы бойынша I-II-III тоқсанда 360 отбасыға «атаулы әлеуметтiк көмек» тағайындалды, жалпы адам саны 2067 құрайды.
Қалада есептi кезеңде 3158 зейнеткер тiркелген. 24 Ауған соғысының ардагерi, 2 Чернобль апатына қатысушы.
Қалада 2172 көпбалалы аналар тұрады. Оның 198 «Алтын алқа», 301 «Күмiс алқа» иегерi, I-II дәрежелi «Ана Даңқы» орденiнiң иегерлерi, 68 Батыр аналар бар.
Барлығы: 252 адамға 3 493 600 теңге көмек көрсетiлдi.
Бюджет салық кiрiстерi туралы
9 айдың жоспары бойынша барлық салық түрiн қосқанда 61 130 000 түскен сумма 71 373 700, яғни 10 243 700 теңгеге 117%-ға артығымен орындалды.
Атап айтқанда:
Көлiк салығы – 9 айдың жоспары – 28 977 000 теңге, түскенi-32 341 800 теңге, яғни 112 %-ға артығымен орындалды.
Заңды тұлғаның көлiк салығы – 9 айдың жоспары – 1 222 000 теңге, түскенi – 1 284 000 теңге, яғни 105%-ға артығымен орындалды.
Мүлiктi жалға беруден түсетiн салық – 9 айдың жоспары-216 000 теңге, түскенi-280 000 теңге, яғни 130%-ға артығымен орындалды.
Жеке және заңды тұлғалардың жер салығы – 9 айдың жоспары - 4 287 000 теңге, түскенi - 4 525 600 теңге, яғни 106%-ға артығымен орындалды.
Жеке тұлғалардың мүлiк салығы – 9 айдың жоспары - 574 000 теңге, түскенi - 735 400 теңге, яғни 128%-ға артығымен орындалды.
Кәсiпкерлердiң табыс салығы – 9 айдың жоспары - 25 773 000 теңге, түскенi - 32 610 400 теңге, яғни 127%-ға артығымен орындалды.
Сыртқы жарнамадан түсетiн түсiм – 9 айдың жоспары 81 000, түскенi - 144 300 теңге, яғни 178 % артығымен орындалды.