ШАРДАРА:"ТҮРКІСТАН ДӘРІСТЕРІ" АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШАРДАРА:"ТҮРКІСТАН ДӘРІСТЕРІ" АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ауданымызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері" атты кездесу өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ашып беріп, дәріс тақырыбы мен облыстан келген қонақтарды таныстырды. Дәрісті Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құқықтану кафедрасының доценті, PhD докторы Е.Бекбосынов бастап, рухани тұрғыда ұлттық құндылықтар мен әлемдік дәстүрлі діни және адами құндылықтарға тоқталды. Сонымен қатар, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының "Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі" бөлімінің бас маманы Б.Әмірханов діни ғұрыптар мен бірлестіктердің маңызы мен мағынасына тоқталды.
Сондай-ақ, аудандық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Н.Жиенбекұлы сөз сөйлеп, жастардың заманауи және рухани дамуы жөнінде айтып өтті.
Шара соңында еркін пікір алмасу болып, Б.Шомпиев қорытынды сөз сөйледі.