ШАРДАРАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

ШАРДАРАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ
ҚР Ішкі істер министрлігі бастамасымен 2025 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара ауданында брифинг ұйымдастырылды.
Брифингке Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Шералы Әділханұлы ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов жол инфрақұрылымын дамыту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іске асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
2025 жылы ауданда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 12,6 шқ құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өткізілді. Шардара қаласында 2800 м² жол аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада
• 351 дана жол белгілерін орнату жоспарланып, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде;
• 40 шқ жолға жол сызықтары (разметка) сызылды;
• 8,5 шқ жолға жаяу жүргіншілер өткелдері сызылды;
• 13 нүктеге жасанды кедергілер орнатылады.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыстық маңызы бар Шардара-Арыс-Темірлан, Шардара-Абай жолдарының бойына 20 дана үй жануарларының макеті (муляж) орнатылды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі