АРМАН ҚАРСЫБАЕВ: «ҚАЛАМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАУ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!»

АРМАН ҚАРСЫБАЕВ: «ҚАЛАМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАУ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!»
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында абаттандыру және жол бойының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Шардара ауданының шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Асан Байғозиевтың жетекшілігімен мекеме қызметкерлері Шардара–Абай бағытындағы тас жол бойында қураған ағаштар мен ретсіз өскен бұталарды кесу, сондай-ақ жолдың екі шетінде өсіп кеткен жантақтарды шабу жұмыстарын атқаруда.
Бұл жұмыстар қала келбетін жақсарту ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін де маңызды. Аудан басшысы тұрғындарды тазалық пен тәртіпке бейжай қарамауға, қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі