Шардара спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан Әлем чемпионы атанды.
Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш!
Чемпиондарымыз:
Ибрагим Бекнұр – 14 жаста, жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы
Ибрагим Азамат – 15 жаста, жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта Әлем чемпионы
Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта Әлем чемпионы
Осылайша, Шардара ауданы тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.
Аудан тұрғындары атынан жеңімпаздарды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтай отырып, болашақта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі