Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Қызылқұм ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі Турабаев Жанибек Жаркинбековичті қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы округ әкімін жаңа қызметімен құттықтап, оның алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жаңадан сайланған әкімнің ауылды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға арналған жоспарларымен танысты.
Аудан әкімі тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, ауыл инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жақсарту, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру сынды маңызды бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі