ШАРДАРА: ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ШАРДАРА: ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан қала, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау аясында Шардара ауданында Қызылқұм ауылдық округінің әкімін сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заң талаптарына сәйкес өтті.
Сайлау нәтижесінде Қызылқұм ауылдық округінің әкімі болып Турабаев Жанибек Жаркинбекович сайланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Көшалиев сайлау қорытындысы негізінде қабылданған шешімді жариялап, жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.
Жаңа сайланған әкімді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебулан Каратунов халық сенімін ақтап, ел игілігі үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясының Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет партия атынан құттықтау сөз сөйлеп, жаңа әкімге алдағы қызметінде табыс, ел дамуы жолындағы істеріне сәттілік тіледі.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі