2025 жылғы 14 қыркүйек күні сағат 07:00-де Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Ауылдық округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 1081 адам. Қазіргі таңда округ аумағында 1 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлау процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған.
Сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, дауыс беру үдерісінің үздіксіз өтуіне барлық жағдай жасалған.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі