ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Вандализмнің алдын алу қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімі және "Жастар ресурстық орталығы"КММ-нің қызметкерлері "Еңбекші" саябағы аумағында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Шара барысында тұрғындарға, жастар мен жасөспірімдерге вандализмнің қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ қоғамдық мүлікті, тазалықты сақтау мәдени нысандарға ұқыпты қарау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында саябақ аумағы тексеріліп, қоғамдық орындарды бүлдірудің құқықтық салдары мен әкімшілік жауапкершілігі түсіндірілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастармен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда «Вандализмге жол жоқ!» қағидатын нығайту.