Бүгін «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның түрлері, салдары, сондай-ақ зардап шеккен жандарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және құқықтық көмектің жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен нақты шаралар талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты — қоғамда зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, азаматтарға құқықтық, әлеуметтік және медициналық тұрғыда жан-жақты қолдау көрсету.
Іс-шараға әлеуметтік қызметкерлер, медицина мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен орталық қызметкерлері қатысты. Олар тұрғындармен ашық диалог форматында пікір алмасып, өмірлік маңызды мәселелер төңірегінде кеңестер берді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі