Шардара ауданы әкімдігіне қарасты қала, ауыл округтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шардара ауданы әкімдігіне қарасты қала, ауыл округтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚР Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Туребековтың 11.08.2025 жылы бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес, 13.08.2025 – 15.08.2025 жылдар аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін түсіндіру бойынша Шардара ауданы әкімдігіне қарасты қала, ауыл округі әкімі аппараттарының осы салаға жауапты қызметкерлері, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты мектеп, балабақша қызметкерлері мен қала, ауыл тұрғындарының қатысуларымен мәжілістер ұйымдастырылды.
Аталған мәжілістерде, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылатынын, мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алатынын, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылатынын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беру керектігі туралы айтылды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» кешенді даму бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Осыған орай, заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында, қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға байланысты уақытша шағындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге кол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру.
Осы бағытта, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.
Барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуы қажет.
Қала, ауылдық округ әкімі аппараты және қала, ауыл округтері аумақтарындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалуы керек. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру басты назарда ұстау.
Шардара ауданы әкімдігі тарапынан ішкі қоғамдық бақылау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде, қала, ауылдық округі тұрғындарынан айтылған ұсыныстар ескеріліп, тұрғындарға қызмет ету үшін барлық қала, ауылдық округі әкімі аппараттарында қолайлы жағдайлар жасалған.
Қала, ауылдық округ әкімі аппараттарының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
Шардара ауданы
әкімінің көмекшісі Е.А.Абдразахов