“ALAYAQ.NET” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“ALAYAQ.NET” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2025 жылғы шілде айында Көксу ауылдық округінде “ALAYAQ.NET” жобасы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері, олардан сақтану жолдары және өз құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, арнайы әзірленген ақпараттық үнпарақшалар таратылып, нақты мысалдар арқылы қауіптің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Қазіргі таңда интернет алаяқтары азаматтардың жеке деректерін, банк шоттарын және басқа да құнды ақпараттарды алдап иемдену арқылы заңсыз әрекеттер жасауда. Бұл қылмыстардың көп таралуына халықтың цифрлық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Алаяқтар технология мен әлеуметтік инженерия әдістерін шебер қолдана отырып, әрдайым жаңа амалдар ойлап табуда.
"Азаматтардың киберқауіпсіздікке бей-жай қарамауы өте маңызды. Әр тұрғын алаяқтықтың алдын алуға өзі де мүдделі болуы тиіс. Біз осы бағыттағы ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз", – деп атап өтті іс-шара ұйымдастырушылары.
Көксу ауылдық округі әкімдігі мен жергілікті құқық қорғау органдарының қолдауымен жүзеге асырылған бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі