Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұзын ата ауылдық округінде футболдан жолдастық кездесу өтті.
Іс-шараға Ұзын ата және Алатау батыр ауылдық округтерінің жастары қатысты. Достық пен өзара сыйластық рухында өткен бұл кездесу ауыл жастарының спортқа деген ынтасын арттырып, бірлік пен татулықты нығайтуға септігін тигізді.
Жарыс барысында жас футболшылар өз шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен жігер танытты. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, белсенді жастар марапатталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ауыл өмірін жандандыруға, ел болашағы — жастардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі