ТҰРҒАНБАЙ АЛИШЕР — ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ!

ТҰРҒАНБАЙ АЛИШЕР — ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ!
2025 жылғы шілде айында Өскемен қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі юниор ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додада Шардара ауданындағы мектебіміздің мақтанышы — Тұрғанбай Алишер ерекше көзге түсіп, ел чемпионатына лайық өнер көрсетті.
Алишер 60 кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруден 120 кг, серпе көтеруден 145 кг нәтижеге қол жеткізіп, қос сайыс қорытындысы бойынша 265 кг салмақты бағындырып, 1-орын иеленді. Осы жетістігі арқылы ол Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, ел абыройын асқақтатты.
Мектебіміздің дарынды спортшысы Тұрғанбай Алишерді және оның табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан білікті жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыға алдағы уақытта халықаралық ареналарда да биіктен көрініп, көк байрағымызды желбірете беруіне тілектестік білдіреміз.
Шара Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Чемпионат ел көлеміндегі ең үздік жас ауыр атлеттерді анықтау мақсатында өткізілді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі