ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІІ СПАРТАКИАДАСЫНДА ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІІ СПАРТАКИАДАСЫНДА ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
2025 жылғы 21 шілде күні, Түркістан қаласында "Спорт күні" кәсіби мерекесіне орай дене шынықтыру және спорт қызметкерлері арасында Түркістан облыстық ІІІ спартакиадасы өтті.
Спорттық шараның мақсаты – сала қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Спартакиадада Шардара ауданының құрама командалары жоғары дайындықтарын көрсетіп, бірнеше спорт түрінен жеңімпаз атанды:
Арқан тарту: 🥇 Шардара командасы – І орын
Кіші футбол: 🥇 Шардара командасы – І орын
Қол күресі:
• 80 кг салмақ дәрежесінде – 🥇 Ерсайын М.
• +90 кг салмақ дәрежесінде – 🥇 Айтбек Б.
Жерлестеріміздің бұл жетістігі – ауданымыздағы спорт саласының жүйелі дамуы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі.
Шардара ауданы әкімдігі жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да табыс пен сәттілік тілейді!
©️ Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі