2025 жылғы 21 шілде күні Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жаушықұм ауылдық округінде «Жастарға арналған зор мүмкіндіктер» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – 21 жастан 35 жасқа дейінгі ауыл жастарын мемлекеттік қолдау тетіктерімен кеңінен таныстыру, олардың әлеуетін арттыруға бағытталған мүмкіндіктерді түсіндіру болды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен NEET санатындағы жастарға 2,5%-дық шағын несие беру, «Жастар практикасы», «Бастау-Бизнес» және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары бойынша толыққанды ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылып, сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар ұсынылды.
Мұндай шаралар аудан жастарының белсенділігін арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне және өз кәсібін бастауына нақты қолдау көрсетеді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі