ШАРДАРА: ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ – БАЛАЛАРҒА СЫЙ!

ШАРДАРА:  ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ – БАЛАЛАРҒА СЫЙ!
2025 жылғы шілде айында Қоссейіт ауылында көптен күткен жаңа балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Бұл – балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада ойнап, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи демалыс орны.
Аталған алаңшада келесі нысандар орнатылды:
• Қауіпсіздік талаптарына сай сырғанақтар мен әткеншектер;
• Балаларға арналған кішігірім спорт құрылғылары;
• Ыңғайлы орындықтар мен көлеңкелі шатырлар;
• Жарақаттың алдын алуға бағытталған арнайы резеңке төсеніштер.
Жаңа ойын алаңы – тек ойын орны ғана емес, сонымен қатар балалық шақтың шуақты сәттеріне толы жарқын мекенге айналады деп күтілуде. Алаңша ата-аналар үшін де ыңғайлы және жайлы етіп жобаланған.
Бұл игі бастама – Қоссейіт ауылын көркейтуге, балаларға арналған инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар жобалар өз жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі