Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша аудан, қала деңгейінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді зерделеу үшін 2024 жылғы 18 қазанда арнайы жұмыс тобы құрылды.
Аталған топтың құрамында Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Т. Оразалиев те бар. Ол жұмыс сапарымен Шардара ауданына келіп, қала және ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, жер пайдалану мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Ж. Бердешов мақсатты түрде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы шараларды Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты – жер қорын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешу және бос жатқан жерлерді айналымға енгізу болып табылады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі