Шардара ауданында NEET санатындағы (білім алмайтын, жұмыс істемейтін және оқуға қатыспайтын) жастармен мақсатты жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Атап айтқанда, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Сүткент ауылдық округінде тұратын NEET санатындағы жастардың үйлеріне арнайы барып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – жастарды жұмысқа тарту, кәсіптік оқуға бағыттау, сондай-ақ оларды қоғам өміріне бейімдеу арқылы NEET көрсеткішін төмендету.
Жастарға «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Жасыл ел», «Бизнестің жол картасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы кең көлемде мәлімет берілді.
Мұндай ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да ауданның басқа ауылдық округтерінде жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі