Жаз маусымында суға шомылу – денсаулыққа пайдалы әрі сергітетін демалыс түрі. Алайда, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін.
Соңғы уақытта елімізде, соның ішінде Шардара ауданында да су айдындарында адамдардың қаза болу оқиғалары жиілеп отыр. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарына суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Суға түсу кезінде сақталуы тиіс негізгі ережелер:
• Рұқсат етілмеген және бақылаусыз жерлерде суға шомылмаңыз;
• Балаларды ересектердің қарауынсыз су маңында қалдырмаңыз;
• Мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады;
• Қауіпті ойындарға жол бермеңіз (мысалы, бір-бірін су астында ұстау, итеру және т.б.);
• Қатты ағыс пен толқын кезінде суға түспеңіз.
Есіңізде болсын: судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаудың ең тиімді жолы.
Бату қаупінің алдын алу – әр азаматтың жауапты міндеті.
Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін талаптарды сақтаңыз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі