ОҚУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ТЫҢДАУШЫЛАР САНЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ОҚУ КУРСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ТЫҢДАУШЫЛАР САНЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың I жартыжылдығында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша ұйымдастырылған оқу курстары сәтті аяқталды.
Аталған кезеңде үш тіл бағыты бойынша барлығы 249 тыңдаушы қорытынды тестілеуге қатысты. Тестілеу нәтижесінде 224 тыңдаушы тиісті деңгей бойынша талаптарды сәтті орындап, сертификат алуға лайық деп танылды.
Бұл көрсеткіш – тілдерді меңгеруге деген сұраныстың артып келе жатқанын және оқу үдерісінің тиімді ұйымдастырылғанын білдіреді. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы уақытта да тіл оқыту курстары жалғасатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі