ШАРДАРА АУДАНЫНДА ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2025 жылғы 15 шілдеде Шардара аудандық прокуратурасында кадрлық өзгерістер орын алды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркебулан Каратуновтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі көпшілікке аудан прокурорының жаңа орынбасарын таныстырды.
Елшібаев Нұрмахан Рысбекұлы Шардара ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жиын барысында Шардара ауданының прокуроры А.Әлі жергілікті билік өкілдерін аймақтағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Аудан әкімдігі мен прокуратура органдары алдағы уақытта да заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыратын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі