Біз тәжірибе мен білім алмасу үшін адамдарды біріктіреміз!
«ХҚЭДО–Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетімен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен республиканың жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша БАЙҚАУ жариялайды.
Байқауға өтінімдер қабылдау – 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Байқауға қатысу өтеусіз негізде жүргізіледі.
Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 13 қарашада Алматы қаласында өтеді.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
Еңбекті қорғау қызметінің еңбек жағдайларын ішкі бақылауды қамтамасыз ету, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде дереу шаралар қабылдауға қатысты қызметі.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын, кәсіпорында өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі инновациялық іс-шараларды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарында өндірістік, техникалық және еңбек процестерін жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыратын еңбекті қорғау жөніндегі инженердің қызметі.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушінің алдында жұмыскерлердің еңбекті қорғауға құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі.
БІЛУ, ҚОЛДАНУ, ЖЕҢУ!
Байқауға не үшін қатысу қажет?
«СЕНІМ» – Қазақстандағы еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқой мамандарға арналған жалғыз байқау.
Байқауға қатысу дегеніміз – бұл іскерлік мәртебені растаудағы тәжірибелік қадамдар, қызметкерлер мен клиенттер алдындағы біліктілік пен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету.
Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат байқауды ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында және «Қазақстанда еңбекті қорғау» кәсіптік баспа түріндегі электрондық журналында және «ACTUALIS: Еңбекті қорғау» электрондық жүйесінде жарияланады.
Байқауға қатысу пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Байқау – бұл сіздің кәсіпорыныңыздың еңбекті қорғау жөніндегі мамандарының жұмысының тиімділігін көрсетудің бірегей мүмкіндігі.
Байқау барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер арасында кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруға шалдығуының алдын алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысушы болу үшін 5 қадам
1) «Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі» тақырыбына материал дайындау;
2) «Менің кәсіпорнымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында фоторепортаж жасау;
3) «Шағын проза» тақырыбына материал («Еңбекті қорғау жөніндегі инженердің өмірінен бір күн» эссесі, «Бір күні…» әңгімесі, еңбек ардагері туралы очерк) жазу.
Үздік мақалалар мен фотосуреттер 2025 жылы «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналында жарияланатын болады.
Қатысушы материалдарына қойылатын талаптар:
– еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша орындалған жұмыстардың;
– жаңа қауіпсіз технологиялардың;
– жабдықты жаңарту және жаңғырту үдерісінің;
– өндірістегі қауіпті әрі зиянды факторларды азайту жұмыстарын ұйымдастырудың;
– жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың сипаттамасы қамтылуы мүмкін.
Материалдар қағаз және электрондық тасығыштарда қабылданады.
Материалдарды кәсіпорын деректемелерін, орындаушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, номинациялар бойынша жеке папкаға тігу керек.
– Бақылау және қадағалау;
– Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– Жұмыс орындарын аттестаттау;
– Жасыл экономика;
– Өнеркәсіптік қауіпсіздік;
– Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау;
– Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
– Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу;
– Қауіпсіздікті техникалық реттеу;
– Еңбекті қорғау жүйесіндегі оқыту;
– Еңбекті қорғауды басқару;
– Өрт қауіпсіздігі;
– Әлеуметтік әріптестік;
– Еңбекті қорғау жөніндегі маманның практикумы.
Материалдар мен қатысуға сауалнама-өтінімді мына мекенжайға жолдаңыз:
050009, Алматы қ., Шевченко к-сі, Радостовец көш.қиыл., 165 б/72 г, 712-кеңсе.
«Еңбекті қорғау, кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» біріккен редакциясы,
тел.: +7 (727) 323-62-29 (ішкі: 1116),
факс: +7 (727) 323-62-12 (13),
e-mail: otk.mcfr@gmail.com, head.kadry@mcfr.kz