ШАРДАРА: СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ШАРДАРА: СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ауданымыздағы бірқатар сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат пен қоғамның үйлесімін сақтап, елдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына, халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге қосып жатқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ауданымыздың су шаруашылығы бағытында сіңіріп жатқан табанды қызметтеріңіз – ел игілігі үшін жасалып жатқан үлкен жұмыс. Бұл салада адал еңбек етіп жүрген әрбір маман құрметке лайық. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін! – деді Б. Төребеков.
Салтанатты шара барысында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан бірқатар сала қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды.
Атап айтқанда, Муталиев Абай Кеңесұлы, Абдуайтов Батыр Мергенбайұлы, Аминов Аяз Жаңабайұлы және Нудин Абылайхан Евгенийұлы аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі