ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қңтардағы №70-V «Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында, Шекара қызметкерлерінің рейдтік іс-шара барысында 09.04.2025 жылы Жетісай ауданына қарасты «Сәрсен» құдығында 46 бас МІҚ (еркек) құлақ жапсырмалары (сырға) жоқ малдарды анықтаған.
Осы 46 бас ірі қара малдарды анықтау барысында, Шардара ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Шардара ауданы полиция қызметкерлері, ветеринариялық мамандары, Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысып, тиісті актілер түзілген.
Осы анықталған 46 бас ірі қара малдардың құлақ жапсырмалары (сырғасы) жоқ және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне (АШЖБ АЖ) тіркелмеген.
Сондықтан, осы 46 бас мүйізді ірі қара малдар өзіңізге тиесілі екедігін дәлелдейтін құжаттарыңыз болса, жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) электрондық шаруашылық есебіне тіркелгендігі жөнінде анықтама, жергілікті жердегі ветеринариялық бекетіндегі ауыл шаруашылығы жануараларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне тіркелгендігі туралы анықтамаларды 14.07.2025 жылға дейін «Шардара ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне (сенім телефондары:8702-420-15-85, 8702-160-25-50) Шардара қаласы Төлеби көшесі №40Б ғимаратына алып келулеріңізді сұранады.