Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Су – тіршіліктің қайнар көзі, даму мен өркендеудің негізі. Осы игілікті салада еңбек етіп жүрген сіздердің қызметтеріңіз ел экономикасы мен халық тұрмысы үшін аса маңызды. Ауыл шаруашылығын дамытуда, өндірісті өркендетуде, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде және қоршаған ортаны қорғауда су шаруашылығы саласының орны ерекше.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында ел игілігіне бағытталған ауқымды жобалар табысты жүзеге асырылуда.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!
Тіршілік бастауы – таза су халқымыздың игілігіне айнала берсін!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шардара ауданының әкімі
Арман Қарсыбаев